Лицей асханасы

Previous
Next

Тамақтануды ұйымдастыру туралы бұйрық

Бракераждық комиссияны құру туралы бұйрық

Бракераждық комиссияның жұмыс жоспары

Су ішу тәртібін ұйымдастыру туралы бұйрық

Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпарат

         Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ-де оқушыларды тамақтандыру «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №326 қаулысымен толықтырулар енгізілген), «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығын, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады.

         Лицей тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

    Лицейдегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері төмендегідей:

– оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

– тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;

– оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;

– жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

– тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

      2018-2019 оқу жылының ІІ жартысында лицей асханасынан 245 оқушы алты мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Лицейде барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған, лицей оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Лицей асханасына 2018 жылы бюджеттен 48066,0 мың теңге, 2019 жылы – 50310,0 мың теңге бөлінді. Бір күндік тамақтану құны 2018 жылы 1200 теңге болса, 2019 жылы 1400 теңгені құрайды.

     Лицей оқушыларының арасында жаппай оқу білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары жоқ. Лицейде ата-аналармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; лицей оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар тұрақты өткізіліп отырады. Лицейдің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізеді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын үйлестіруші тарапынан сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

     Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Тамақтану кезеңдері Уақыты

1 Таңғы ас 7.45-8.30

2 Таңғы жеңіл ас 10.30-10.50

3 Түскі ас (7-8-сыныптар) 12.20-13.10

4 Түскі ас (9-11-сыныптар) 13.10-14.00

5 Түстен кейінгі жеңіл ас 15.30-15.50

6 Кешкі ас 18.00-19.00

7 Кешкі ас жеңіл ас 19.50-20.10

        Асханаға кезекші мұғалімдер оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Мұғалімдер және лицей әкімшілігінің асханадағы тамақтандыру кезеңдеріндегі кезекшіліктері лицей басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

        Лицейде оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерін шешу мақсатында оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Комиссия құрамы лицей директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер.

Комиссияның міндеттері:

1. Аз қамтылған отбасындағы оқушылардың тамақтануына бөлінген қаражаттың тиімді қолданылуын бақылау (бар болған жағдайда);

2. Асханаға әкелетін азық-түлікті және дайын тағамдардың тиімді қолдануын қадағалау;

3. Мәзірдің бекітілген рационға сәйкестігін бақылау;

4. Дайындаған тамақтың сапасын бақылау;

5. Ас блогының санитарлық талаптарға сай болуын бақылау;

6. Азық-түліктің мектепке түскен мерзімін, олардың сақталу және қолдану мерзімдерін қадағалау;

7. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;

8. Асханадаға кезекшілікті ұйымдастыру және т.б.

Оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы білім алушыларды үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырады. Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізіліп отырады. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған, бракераждық журналда тіркеліп отырады.

      Тамақ сақтайтын қоймада ұннан жасалған, дәнді-дақылды, жарма тағамдары «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына сай сақталады.

Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сай ұйымдастырылған.

1-сабақ – 9.00 – 9.40

2-сабақ – 9.55 – 10.35

3 сабақ – 10.55 – 11.35

4-сабақ – 11.40 – 12.20

5-сабақ – 12.30 – 13.10 (9-11-сыныптар үшін)

5-сабақ – 13.10 – 13.50 (7-8-сыныптар үшін)

6-сабақ – 14.00 – 14.40

7-сабақ – 14.50 – 15.30

8-сабақ – 15.50 – 16.30

Лицей асханасы 100 орынға арналған, бір мезгілде 100 оқушы тамақтана алады. Әртүрлі дәрумендендірілген тағаммен қамсыздандырылған, атап айтқанда: көкеністермен, жемістермен, табиғи шырындармен, сүт тағамдарымен, «С» дәруменімен қамтамасыз етілген. Темір жетіспеушілік анемияның, респираторлық аурулардың 100% тамақтың құнарлығының салдарынан алдын ала шаралары жүргізіліп отырады.

      Ата-аналар үшін шағымдар мен ұсыныс кітабы қолжетімді орында орналастырылған. Қол жуатын, кептіретін арнайы орын жабдықталған.

Лицейдегі ыстық тамақты ұйымдастыру және тексеру қорытындысы бойынша:

1) Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.

2) Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.

3) Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай, орта бір күндік тамақ құнарлығы 2900 ккал болады.