Previous
Next
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында «Бақыт отбасынан басталады» атты жаңа республикалық бейне интернет-жобасының конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жариялағандығын хабарлайды.

Конкурс кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында өткізіледі.

Бейнеролик-презентация түріндегі әзірленген Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін proektkopd@mail.ru электрондық поштаға жолдау қажет. Әр аймақтан саны 100 отбасы-қатысушыдан кем болмауы қажет.
Бейнеролик-презентациялар YouTube видеохостингінің базасындағы «Бақыт отбасынан басталады» атты арнасында орналастырылады. Сілтемесі: https: //www.youtube.com.channel/UCDk8VTYbfi0IUgdXNR6Luw